Қазақ-қырғыз шекарасын өту кезінде Қырғыз Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Бас штабының подполковнигі есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек".
Қазақ-қырғыз шекарасын өту кезінде Қырғыз Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Бас штабының подполковнигі есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек".
Қырғызстан ҚК-нің офицерін Қазақстан шекарашылары ұстаған.
"Кей мәліметтер бойынша, полковникке бұлтартпау шарасы Қордай аудандық сотында таңдалады. Бірнеше офицер "Мызғымас бауырластық-2017" оқу-жаттығуына қатысу үшін аттанған. Офицер осы топтың арасында болған. Ұстау "Ақ Жол" бақылау-өткізу пунктінде болды", - дейді милиция өкілдері.
ҚР ҚК Бас штабының баспасөз қызметі қырғыз әскери қызметкерінің ұсталғанын растады. Алайда мұның немен байланысты болғанын нақтыламады.
"Қазір тергеу жүріп жатыр. Сонымен бірге, Құрлық әскерінде қызметтік тексеріс жүріп жатыр", - дейді Бас штаб өкілдері.