13 наурыз 2015 | 12:13

Қазақстан шенеуніктердің компьютерлеріне шабуылдаған хакерлердің үстінен Нью-Йорк сотына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ibtimes.com ©Ibtimes.com

Қазақстан билігі Манхэттеннің федералдық сотына белгісіз хакерлердің үстінен шағым түсірді, - деп хабарлайды Bloomberg. Басылымның мәліметінше, хакерлер үкіметтік компьютерлерге бұзып кіріп, шенеуніктердің Нью-Йорктың заң компанияларының өкілдерімен жазысқан электронды хаттарын жария қылған.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан билігі Манхэттеннің федералдық сотына белгісіз хакерлердің үстінен шағым түсірді, - деп хабарлайды Bloomberg. Басылымның мәліметінше, хакерлер үкіметтік компьютерлерге бұзып кіріп, шенеуніктердің Нью-Йорктың заң компанияларының өкілдерімен жазысқан электронды хаттарын жария қылған.

Шағымда хакерлердің компьютерлерге бұзып кіргені туралы дерек осы жылдың қаңтар айында анықталғаны айтылады. Мәлімдемеге сәйкес, басылымның хабарлауынша, қазақстандық шенеуніктердің gmail пошта сервисі арқылы жолдаған мыңдаған хабарламасы қолды болған. Сонымен қатар, хакерлердің бұзып кіру арқылы алған мәліметтерді түрлі веб-сайттарға, оның ішінде Facebook әлеуметтік желісіне жариялағаны хабарланды.

Мұнымен бірге, басылымның мәліметінше, хакерлер қолды қылған мәліметтердің ішінде Нью-Йорктың Curtis Mallet-Prevost Colt & Mosle LLP деп аталатын заң компаниясының өкілдері жолдаған хаттар болған. Айта кетейік, Қазақстан бұл компанияның қызметін пайдаланып келген. Қолды болған хаттардың ішінде Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мен ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаевтың компания қызметкерлеріне жолдаған хаттары бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети