Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек беру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.
Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек беру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.
"Дағдарыстың ушығуын ескере отырып, қазіргі кезде біз расымен Қызыл Крестің Халықаралық комитетімен, Біріккен ұлттар ұйымы мен Ресей Федерациясымен Сирияға қосымша көмек беру мәселесін талқылап жатырмыз", - деді ол, редакцияның сұрағына жауап бере отырып.
Әнуар Жайнақов Қазақстанның сириялық дағдарыстың ары қарайғы өршіп кету қаупіне алаңдаушылық білдіріп, көп қасірет шегіп отырған Сирия халқына көңіл білдіретіндігін айта кетті. "Біздің ел сириялық босқындарға гуманитарлық көмек беріп отыр және осы елдегі қақтығыстарды тезірек бейбіт жолмен шешілуін қолдайды. Біз 2012 жылы Ливан мен Иорданиядағы сириялық босқындарға Ислам ынтымақтастық ұйымы желісі бойынша әр елге 200 мың доллар көлемінде көмек бергеніміз белгілі", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.
Сонымен қатар, оның айтуынша, былтырғы жылы Астанада өткен Сирия бойынша келлісөздердің екінші кезеңінің нәтижесінде Қазақстан дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізуге және Түркия-Сирия шегарасында шоғырланған сириялық босқындардың орналасуына 300 мың доллар көлемінде қоымша көмек көрсетті.