06 наурыз 2024 | 09:23

Қазақстан СІМ басшысы Палестина-Израиль дағдарысы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  ҚР СІМ Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Палестинадағы жағдайға арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Палестинадағы жағдайға арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сессия жұмысына ИЫҰ елдерінің, оның ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Иордания, Иран, Түркия, Марокко сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.

СІМК барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды және Палестина-Израиль дағдарысын тезірек шешу қажеттігін алға тартты.

Қазақстан сыртқы істер министрі өз сөзінде Газа секторындағы ұзаққа созылған гуманитарлық апатқа байланысты ерекше алаңдаушылық білдірді, одан шығудың бірден-бір жолы әскери қимылдарды жақын арада тоқтату болуы мүмкін. Бұл тұрғыда ол, сондай-ақ Газа тұрғындары үшін төтенше гуманитарлық көмек көрсетуге Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы және KazAID агенттігінің мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Қазақстан өңірдің барлық тұрғындары үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қолжеткізу үшін күш-жігерді күшейтуге шақырды, бұл алдағы қасиетті Рамазан айы қарсаңында ерекше маңызды болып көрінеді.

"Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қатар мен Мысыр басшылығының ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату және кепілге алынғандармен алмасу туралы келіссөздер жүргізу жөніндегі көпжақты делдалдық күш-жігерді құптады. Сондай-ақ, ол Мысырдың репатриация жасау үшін қазақстандық азаматтар мен олардың отбасы мүшелерін Газадан эвакуациялаудағы рөлін жоғары бағалады", - делінген хабарламада.

Министр Нұртілеу көп жылғы қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде БҰҰ бекіткен "екі халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде 1967 жылғы шекараларда Палестина мемлекетін құру бойынша Қазақстанның өзгермейтін ұстанымын растады.

Іс-шара мұсылман елдерінің Палестина халқымен үндестігін және қақтығысты тезірек тоқтату үшін белсенді әрекет етуге ұмтылысын көрсетті. ИЫҰ СІМК қорытындысы бойынша тиісті қарар қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети