Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы дипломатиялық ауданда болған террористік əрекетке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы дипломатиялық ауданда болған террористік əрекетке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстан 2018 жылғы 28 қаңтарда Қабыл қаласындағы дипломатиялық орамында орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды. Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану - аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет", - делінген хабарламада.
"Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады.
Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз", - делінген құжатта.
Айта кетейік, жарылыс сенбі күні болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан қаза тапқандардың саны 103 адамға жетті, тағы 235 адам жарақаттанған. Бұл жарылысты "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.