Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы бірнеше шартты ратификациялауды көздейтін үш заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы бірнеше шартты ратификациялауды көздейтін үш заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мына заңдарға қол қойды:
- "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР заңы
- "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР заңы
- "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР заңы
"Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң Қазақстан мен Солтүстік Македонияның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға және сотталған адамдарды өзара беруге уағдаласуға мүмкіндік береді, құжатта экстрадициялау шарттары, ақпарат алмасу, сотталған адамның транзиті және сотталған адамдарды беруге байланысты туындаған шығыстарға байланысты нормалар жазылған.
"Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заң Қазақстан мен Солтүстік Македония арасында барлық ұйымдастырушылық-құқықтық тетікті реттеу және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмекті іске асыру үшін қабылданды, сондай-ақ оның тағы бір жекелеген нормалары банктік шоттарды және қаржылық ақпаратты белгілеу, құжаттарды, материалдарды немесе заттарды ұсыну, қылмыстық талқылаулар туралы ақпарат алмасу мәселелеріне арналған.
Ал адамдарды ұстап беру туралы шарт елдерге бір-біріне іздеуде жүргендерді беруге мүмкіндік. Бұдан басқа, құжат ұстап беру, бас тарту, ұстап беруді кейінге қалдыру және ұстап берудің оңайлатылған рәсімі туралы ережелерді қамтиды.
Бұған дейін ел Македония деп аталған, бұл Македонияның географиялық аймағы бойынша, ежелгі Македония мемлекеті, көрші Грекиядағы Македонияның тарихи провинциясы мен Болгариядағы Пирин Македониясы түсініксіздікке әкелген.
Еске салайық, Македония парламенті 2019 жылы ел атауын "Солтүстік Македония республикасы" деп өзгертекен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!