Қазақстан соты Қытай азаматын қамауға алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан соты Қытай азаматын қамауға алды

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық сотында Қытай азаматына қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық сотында Қытай азаматына қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, биыл 5 маусымда ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ю. 29 шілдеде қайта құқықбұзушылық жасаған, яғни заңсыз пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан.

Сот отырысында Ю. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.

Сот үкімі

Сот Ю.-ды ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және Қазақстан аумағынан шығару түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети