Қазақстан Статимен ұзақ мерзімді дауды аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Статимен ұзақ мерзімді дауды аяқтады Фото:depositphotos.com

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Стати тараптары, Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен, Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Стати тараптары, Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен, Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Қол қойылған Түпкілікті реттеу туралы келісім барлық ағымдағы дауларды болашақта оларды қайта бастау құқығынсыз тоқтату үшін негіз болып табылады. Келісімнің нақты шарттары құпия болып табылады.

"Бұл реттеу және барлық тараптар үшін әділ шешу жолын іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған тәсіл, бұл ел инвестордың құқықтары сақталатын орын болып табылатынын атап көрсетеді. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығы үшін алғыс айтамыз. Біз болашақта жаңа жобалармен жұмыс істеуді асыға күтеміз", - CEO Argentem Creek Partners Дэниел Чапман.

Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып табылатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.

"Ұзақ дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамыту үшін, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы, қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл ретте, мен бұрын атап өткендей, республикалық бюджеттен реттеу шеңберінде қаражат пайдаланылмады", - Қазақстан Республикасының әділет министрі Азамат Есқараев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети