Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді Фото:t.me/pressmfakz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді", - делінген хабарламада.

СІМ мәліметінше, Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіні және қолайсыздығы туралы ұстанымы білдірілген.

"Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс", - делінген СІМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) кеңесі Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің мәлімдемесін айыптайтыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети