Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
"Қазақстан тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың ұлттық тізімін өзектілендіру мақсатында тұрақты түрде қайта қарап отырады. Осы процес аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес "Талибан қозғалысын" одан шығару туралы шешім қабылданды", - деді Смадияров
Оның айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті болып табылатын қарарларына сәйкес, "Талибан" қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне енбеген.
"Саяси байланыстарға келетін болсақ, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған шешімдер мен қарарларды әрі қарай да қатаң ұстанатынын атап өткім келеді", - деді Айбек Смадияров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!