Қазақстан танк биатлоны жөнінен жарысқа қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан танк биатлоны жөнінен жарысқа қатысып жатыр ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның танкішілері танк биатлоны бойынша халықаралық сайысқа қатысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 4 тамызда Ресей Федерациясының "Алабино" полигонында танк биатлоны чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Чемпионат барысында әлемнің 12 елінен келген танкистер кәсіби шеберліктерін, жауынгерлік машықтары мен команданың тұтастығын паш етеді.

"Қазақстанның атынан "Оңтүстік", "Батыс" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарының әскери қызметшілері қатысады. 4 танк экипажынан тұратын біздің команда сайыс шарттарына сәйкес жауынгерлік көлікті жүргізу және әртүрлі қашықтықтардағы нысаналарды жою бойынша шеберліктерін көрсетуге әзір", - делінген министрліктің хабарламасында.

Әлем чемпионаты төрт кезеңнен тұрады: жеке жарыс, спринт және ізге түсіп жарысу, спорттық кезең және эстафета. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда полигонның жолдары күрделене түскен, жүріп өту қашықтығы 21 шақырымға дейін ұлғайтылды, сондай-ақ машина маневр жасауға тиіс қыраттар мен танкке қарсы бөгеттер қосылды. Экипаждар белгіленген бағдардан ауытқыған жағдайда айып секундтары қосылады. Танк экипаждары сайысының нәтижесі 16 тамызда шығарылады.

Сайысқа 12 мемлекет қатысып жатыр: Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Үндістан, Қазақстан, Қырғзыстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Ресей және Сербия. Танк биатлоны – бұл бүкілармиялық сайыс қана емес, сонымен қатар танк бөлімшелерінің қазіргі заманғы ұрысқа дайындығын тексеру де. Ол ең алғаш Ресейде былтыр тамыз айында сынақ түрінде өткізілді. Ол кезде қазақстандық танкішілер екінші орынды иеленген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети