Қазақстан тасжолдарында жылдамдықты асырғандарды автоматты түрде тіркеу басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан тасжолдарында жылдамдықты асырғандарды автоматты түрде тіркеу басталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

29 қазаннан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы автожолдарындағы белгіленген жылдамдық режимін бұзу деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) жіберуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 қазаннан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы автожолдарындағы белгіленген жылдамдық режимін бұзу деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) жіберуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді жылдамдықты арттыру жағдайлары автоматты бақылау аркалары арқылы тіркеліп, ақпарат тікелей ӘІБТ ПО жүйесіне жолданады.

Жылдамдық тіркелетін учаскелер:

"Көкшетау – Петропавл" автомобиль жолы:

  • 354 шақырым - "Драгомировка" бақылау аркасы
  • 443,8 шақырым - "Астраханка"бақылау аркасы
  • 473,126 шақырым - "Бескөл" бақылау аркасы

"Алматы - Қорғас" автомобиль жолы:

  • 38,243 шақырым - "Балтабай" бақылау аркасы
  • 204,648 шақырым - "Ұйғыр" бақылау аркасы
  • 205,480 шақырым - "Панфилов" бақылау аркасы

"Жүйе көлік құралының нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен автоматты түрде салыстырады. Жылдамдықты асыру туралы мәліметтер ӘІБТ ПО жүйесіне жіберіліп, сол жерде әкімшілік материалдар қалыптастырылады.

Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде жылдамдық режимін қатаң сақтау ұсынылады, әсіресе ақылы учаскелер мен бақылау аркалары маңында", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети