"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2016 жылдың 15 қыркүйегінен бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы болып Алпысбаев Қанат Қалиұлы тағайындалды.

Қанат Қалиұлы Алпысбав 1972 жылы 31 наурызда Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келді. Қанат Алпысбаев Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін бітірді. Магистр ғылыми дәрежесі бар. 1994–2002 жылдар аралығында Целинная темір жолдарының кәсіпорындарында, "Қазақстан темір жолы" РМК, түрлі саладағы акционерлік қоғамдарда жұмыс атқарды. 2002–2003 жылдары "Эйр Астана" ЖАҚ қаржы және басқару жөніндегі директоры, қаржы және, ақпараттық технологиялар жөніндегі Вице-президенті қызметінде болды. 2005 жылдың қараша айынан 2008 жылдың маусым айына дейін "Дженерал Электрик" корпорациясының бизнесті дамыту жөніндегі филиал директоры болып жұмыс істеді. 2008–2013 жылдар аралығында "ҚТЖ" ҰК" АҚ қаржы және экономика жөніндегі Вице - президенті, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ логистика Вице - президенті қызметтерінде болды.
Айта кетейік, осыған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы қызметінде Асқар Мамин болды. Осы жылдың 9 қыркүйегінде Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.