19 сәуір 2014 | 16:00

Қазақстан темір қалдықтарын сыртқа шығаруға салынған тыйымды ұзартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото РИА Новости сайтынан алыды Фото РИА Новости сайтынан алыды

"Қазақстан Үкіметі темір және темір қалдықтарын сыртқа шығаруға салынған тыйымды 2014 жылдың 21 сәуірінен 30 маусымына дейін ұзартты" - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Казахстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан Үкіметі темір және темір қалдықтарын сыртқа шығаруға салынған тыйымды 2014 жылдың 21 сәуірінен 30 маусымына дейін ұзартты" - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Казахстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті үкімет қаулысы сенбі күні арнай баспасөзде жарияланды.

Қаулыда "2014 жылдың 21 сәуірінен 30 маусымына дейін темір және темір қалдықтарын (код ТН ВЭД ТС 7204) елден сыртқа шығармау туралы қаулыға сәйкес, қосындыланған болатқа, оның ішінде таттанбайтын болатқа (кодтары ТН ВЭД ТС 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелеріне (коды ТН ВЭД ТС 7204 29 000 0) тыйым салынбайды" - делінген.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министріне ұзартылған тыйым жайлы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету тапсырылды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына өзге Кедендік одақ елдерінің де темір және темір қалдықтарын сыртқа шығармауы туралы тыйым енгізу жайлы ұсыныс жіберу жүктелді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети