Қазақстан цифрландырылған 30 елдің қатарына енді - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан цифрландырылған 30 елдің қатарына енді - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық отырысында Қазақстан БҰҰ-ның ең цифрландырылған 30 мемлекеттің рейтингінде, көптеген дамыған елдерді басып озып тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық отырысында Қазақстан БҰҰ-ның ең цифрландырылған 30 мемлекеттің рейтингінде, көптеген дамыған елдерді басып озып тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Астанада Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумын ашты. Биылғы форумның тақырыбы "Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде".

Мемлекет басшысы өз сөзінде форумның бүгінгі күн тәртібінде елді дамытудың ауқымды перспективалары айқын көрініс тапқанын атап өтті.

"Адамдық, зияткерлік және ғылыми әлеуеті зор Қазақстан инновацияларды, цифрлық өндірісті және шығармашылықты дамытудың бірегей кеңістігі болып табылады. Бүгінгі таңда тек жекелеген компаниялардың ғана емес, бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы фактор болып табылатын цифрлық трансформация екені ешкімге құпия емес.

Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды.

Бұл үшін берік негіз бар. Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети