Қазақстан Түркиядан “Астана LRT“ экс-басшысы Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Түркиядан “Астана LRT“ экс-басшысы Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады

Қазақстан Түркияға "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Арданды экстрадициялау туралы сұрау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Түркияға "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Арданды экстрадициялау туралы сұрау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Түркияда ұсталған "Астана LRT" бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялау мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Tengrinews.kz сауалына жауап берген ведомство, бұған дейін Арданның Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан Қылмыстық кодекстің "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету" және "Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану" баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін іздеуде болғанын нақтылады. Оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы тағдалған. Ардан халықаралық іздеуде болды.

Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 10 мамырда Интерполдың Ұлттық орталық бюросы арналарымен Талғат Арданның Түркия Республикасы аумағында ұсталып, Анталиядағы пенитенциарлық мекемеге қамалғаны туралы ақпарат алынған.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы Т.Н.Арданды экстрадициялау үшін барлық қажетті құжат Түркия Республикасының уәкілетті органдарына жолданды. Оны экстрадициялау мәселесі Түркия тарапының қарауында", – делінген Қазақстан Бас прокуратурасының Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Антальяда "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан ұсталғанын мәлімдеді.

LRT ісі бойынша тергеу бес жыл бұрын аяқталды. Осы уақыт ішінде басты айыпталушылар, яғни "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде болды.

Айта кетейік, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 5,3 жыл іздеуде болды.

Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан 6 жылдан бері іздеуде болды.

Еске салайық, 2023 жылы мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети