Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 285 миллион доллар болған.

"Экспорттың негізгі тауарлары – дәнді және бұршақты дақылдар. Ал Түркиядан әкелінетін негізгі импорт – көкөністер, жемістер, жаңғақтар және басқа да дақылдар", – деді Кенжеханұлы Сенат кулуарында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр.

"Қазіргі уақытта біз ет пен ет өнімдерін экспорттауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Сондай-ақ, Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауға ниетті кәсіпорындарды келісу процесі жүріп жатыр", – деп түсіндірді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети