©РИА Новости
Қазақстан түрмелеріне сәлемдемелер қабылданбауы мүмкін, сонымен бірге Ішкі істер министрлігі сотталғандармен кездесу уақытын қысқартуды жоспарлап отыр. Қазір Парламентте талқыланып жатқан жаңа Қылмыстық-атқару кодексінде осы мәселелер қарастырылады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Депутат Нұрлан Әбдіров Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбековтен түрмелерде сәлемдемелерге тыйым салудың себебін білгісі келді. Әбдіровтің айтуынша, еліміздегі сотталғандардың жартысынан астамы жұмыс істемейді, тиісінше, тамақ алып ішуге ақшасы жоқ. Күреңбеков депутатқа қазір түрмелердің есептесудің карточкалық жүйесіне көшкенін, сотталғандардың түзеу мекемесі аумағынан азық-түлік сатып ала алатынын айтты. Вице-министрдің айтуынша, азық-түліктен тұратын сәлемдемелер көп мәселе туғызып отыр: тыйым салынған заттардың келуінен санитарияға қарсы жағдайларға дейін. Мәжіліс депутаты Рахмет Мұқашев тыйым салынған заттардың түрмеге келуіне қатысты "Бұл - қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі қызметкерлері айналысатын мәселе" деген пікір білдірді. Вице-министрдің пікірінше, азық-түлік сәлемдемелері посткеңестік кеңістік елдеріне ғана тән. Бұл сөзден кейін депутаттар мәселеге әлемдік тәжірибе тұрғысынан қарауға көшті. Олар шетелдік түрмелердегі жағдай бесжұлдызды қонақүйлердегідей екенін айтты. Penal Reform International ұйымы өкілдігінің директоры Сауле Мектепбаева да халықаралық стандарттарға сәйкес, жаза өтеу процесінің адамның әдепкі жағдайдағы өміріне жақындатылған болуы керектігін алға тартады. "Бұл кез келген негізсіз шектеулерге жол берілмеуі керек деген сөз. Камераларда жеке заттар көп болуы керек: техника, кітаптар..." деген Мектепбаеваның айтуынша, сәлемдемелер беру посткеңестік кеңістікке ғана емес, басқа да көптеген дамушы мемлекетке тән. "Көп елде түрме жүйесі - "дотациялық сала", яғни сотталғандарды туыстары тамақтандырады, бұл - кең таралған тәжірибе, ол жүйенің өзінің азық-түлікпен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне байланысты. Тұтастай алғанда, түрмеге азық-түлік беруге, әрине, тыйым салынбаған" , - дейді ол. Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина сотталғандарды түгел бағынышты ететін АҚШ түрмелері жайлы айтты. "Кішкентай заң бұзушылықтың өзіне белгілі бір санкциялар салынады; режим күшейтіледі, толық оқшауландырылады, камераға жалғыз қамалады" , - дейді ол. Депутат Рахмет Мұқашев жаңа кодекс жобасында сотталғандардың туыстарымен кездесуіне не себепті шектеу қойылатынын және Ішкі істер министрлігінің түрмелерде ұялы телефонға қалай тыйым салғалы отырғанын сұрады. "Мен ұялы оператордан бас бостандығынан айыру орындарында ұялы байланысқа тыйым салудың техникалық жағынан мүмкін емес екендігі туралы хат алдым, түсінесіз бе? Сіздер жарты кварталды ұялы байланыстан ажыратқыларыңыз келеді, мұндай шектеуді қалай жасамақсыздар?", - деді Мұқашев, бірақ бұл сұраққа жауап ала алмады. Өз кезегінде депутат Рамазан Сәрпеков Қазақстанда енгізіле бастаған қылмыстық айып деген жаза түріне Ішкі істер министрінің назарын аударды. Оның айтуынша, баптардың бір бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен Қылмыстық кодекске ауыспақ. "Министрлік қылмыстық айып бойынша жылына 120 мың адамды жазалауды жоспарлап отыр. Егер олар алты ай ішінде тұтқындалса. Қазақстан халқының өзі 17 млн ғана, мен білмеймін, бірнеше жылдан соң бізде дені дұрыс адам қалмайтын шығар. Сондықтан, меніңше, қылмыстық айыптар бойынша мәселені әлі де қайта қарау керек", - деді Сәрпеков. Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа қылмыстық-атқару кодексі жобасы еліміздегі түрмелерді діни орындардан тазартуды көздеп отырғаны хабарланған еді.
Қазақстан түрмелеріне сәлемдемелер қабылданбауы мүмкін, сонымен бірге Ішкі істер министрлігі сотталғандармен кездесу уақытын қысқартуды жоспарлап отыр. Қазір Парламентте талқыланып жатқан жаңа Қылмыстық-атқару кодексінде осы мәселелер қарастырылады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Депутат Нұрлан Әбдіров Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбековтен түрмелерде сәлемдемелерге тыйым салудың себебін білгісі келді. Әбдіровтің айтуынша, еліміздегі сотталғандардың жартысынан астамы жұмыс істемейді, тиісінше, тамақ алып ішуге ақшасы жоқ. Күреңбеков депутатқа қазір түрмелердің есептесудің карточкалық жүйесіне көшкенін, сотталғандардың түзеу мекемесі аумағынан азық-түлік сатып ала алатынын айтты. Вице-министрдің айтуынша, азық-түліктен тұратын сәлемдемелер көп мәселе туғызып отыр: тыйым салынған заттардың келуінен санитарияға қарсы жағдайларға дейін.
Мәжіліс депутаты Рахмет Мұқашев тыйым салынған заттардың түрмеге келуіне қатысты "Бұл - қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі қызметкерлері айналысатын мәселе" деген пікір білдірді.
Вице-министрдің пікірінше, азық-түлік сәлемдемелері посткеңестік кеңістік елдеріне ғана тән. Бұл сөзден кейін депутаттар мәселеге әлемдік тәжірибе тұрғысынан қарауға көшті.
Олар шетелдік түрмелердегі жағдай бесжұлдызды қонақүйлердегідей екенін айтты. Penal Reform International ұйымы өкілдігінің директоры Сауле Мектепбаева да халықаралық стандарттарға сәйкес, жаза өтеу процесінің адамның әдепкі жағдайдағы өміріне жақындатылған болуы керектігін алға тартады.
"Бұл кез келген негізсіз шектеулерге жол берілмеуі керек деген сөз. Камераларда жеке заттар көп болуы керек: техника, кітаптар..." деген Мектепбаеваның айтуынша, сәлемдемелер беру посткеңестік кеңістікке ғана емес, басқа да көптеген дамушы мемлекетке тән.
"Көп елде түрме жүйесі - "дотациялық сала", яғни сотталғандарды туыстары тамақтандырады, бұл - кең таралған тәжірибе, ол жүйенің өзінің азық-түлікпен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне байланысты. Тұтастай алғанда, түрмеге азық-түлік беруге, әрине, тыйым салынбаған" , - дейді ол.
Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина сотталғандарды түгел бағынышты ететін АҚШ түрмелері жайлы айтты. "Кішкентай заң бұзушылықтың өзіне белгілі бір санкциялар салынады; режим күшейтіледі, толық оқшауландырылады, камераға жалғыз қамалады" , - дейді ол.
Депутат Рахмет Мұқашев жаңа кодекс жобасында сотталғандардың туыстарымен кездесуіне не себепті шектеу қойылатынын және Ішкі істер министрлігінің түрмелерде ұялы телефонға қалай тыйым салғалы отырғанын сұрады.
"Мен ұялы оператордан бас бостандығынан айыру орындарында ұялы байланысқа тыйым салудың техникалық жағынан мүмкін емес екендігі туралы хат алдым, түсінесіз бе? Сіздер жарты кварталды ұялы байланыстан ажыратқыларыңыз келеді, мұндай шектеуді қалай жасамақсыздар?", - деді Мұқашев, бірақ бұл сұраққа жауап ала алмады.
Өз кезегінде депутат Рамазан Сәрпеков Қазақстанда енгізіле бастаған қылмыстық айып деген жаза түріне Ішкі істер министрінің назарын аударды. Оның айтуынша, баптардың бір бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен Қылмыстық кодекске ауыспақ.
"Министрлік қылмыстық айып бойынша жылына 120 мың адамды жазалауды жоспарлап отыр. Егер олар алты ай ішінде тұтқындалса. Қазақстан халқының өзі 17 млн ғана, мен білмеймін, бірнеше жылдан соң бізде дені дұрыс адам қалмайтын шығар. Сондықтан, меніңше, қылмыстық айыптар бойынша мәселені әлі де қайта қарау керек", - деді Сәрпеков.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа қылмыстық-атқару кодексі жобасы еліміздегі түрмелерді діни орындардан тазартуды көздеп отырғаны хабарланған еді.