Астанада Қазақстан – Уэльс футбол матчі кезінде "Астана Арена" маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
4 қыркүйекте сағат 19:00-де "Астана Арена" стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойыны өтеді, онда Қазақстан және Уэльс құрамалары кездеседі.
"Қонақтардың ыңғайлылығы мен матч өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Астана Арена" стадионы маңында – "Алау" мұз сарайы және "Сарыарқа" велотрегі жағынан көлік қозғалысы шектеледі", – делінген хабарламада.

Қозғалысқа шектеулер матч басталардан бірнеше сағат бұрын күшіне енеді және оның аяқталуына дейін сақталады.
Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кідірістерді ескерген жөн.
Еске салайық, Қазақстан – Уэльс матчі 4 қыркүйекте сағат 19:00-де басталады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңінде тек бір ойында – Лихтенштейн командасын жеңді. Сондай-ақ Әли Әлиевтің командасы сырт алаңда Уэльске (1:3) және өз алаңында Солтүстік Македонияға (0:1) есе жіберді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!