Қазақстан ҰҚК басшысы Нұртай Әбіқаев лаңкестік ұйымды "Ислам мемлекеті" деп атамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында айтты.
Қазақстан ҰҚК басшысы Нұртай Әбіқаев лаңкестік ұйымды "Ислам мемлекеті" деп атамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында айтты.
"Өзін "Ислам мемлекеті" деп атайтын "Даиш" лаңкестік ұйымы шын мәнінде діни-экстремистік интернационалға айналды, онда түрлі елдердің ондаған мың азаматы мүше. Айта кетейік, саясаткерлер мен тілшілердің "Даишке" қатысты "Ислам мемлекеті" атауын қолдануын дұрыс деп есептемейміз. "Мемлекет" деген сөзді қолдану бұл жағдайда ұйымls бүркеме мәнде лигитимді етіп көрсетеді, бұл дегеніңіз қателік. Олар өздерін қалай атаса да, арнайы қызметтерде біз "Даиш" қысқармасын қолданамыз", - деді Әбіқаев. 
"Бүгінде "Даиш" Хорасан халифаты идеясының таралуына белсенді әрекет етіп жатыр, оған Солтүстік Африкадан Орталық Азияны қосқанда Қытайға дейінгі кеңістік кіреді делінеді. Ұйымның жақтастары Ауғанстанда пайда болды. Бұл мемлекет тыныштық орнатудан аулақ және біздің аймақпен шекаралас жатыр. Әрине, бізді бұл жағдай уайымдатпай қоймайды", - деді ҰҚК басшысы.
Әбіқаев қазіргі уақытта зорлықшыл экстремизмнің осы заманның ең бір қатерлі жаһандық проблемасына айналғанын атап өтті, оның айтуынша, бұл ұйым бірқатар елдің тұрақсыз факторы ғана емес, сонымен қатар үлкен аймақтарға әсер етіп жатыр. ҚР ҰҚК төрағасының пікрінше, осы қауіпті құбылыстан дамыған әрі бақуатты елдер де сақтандырылмаған.
"Таяуда, 4-5 жыл бұрын "Әл-Каида" ұйымынан қауіпті ұйымның пайда болуына ешкім сенбес еді. Алайда бүгін "Даиш" пен "Боко Харамның" өзінің ірілігімен және агрессиялық саясатымен "Әл-Каиданы" озып кетті. Бүгінде олар жаңа деңгейге көтерілді, түрлі елдерде ұйым мүшелерінің заңды және заңсыз түрде пайда болуы қолданылып жатыр, олар мемлекеттік, саяси, экономикалық және күш құрылымдарына енуге тырысып жатыр. (...) Кейбір лаңкестік актілердің ірі операцияларға өтуінің тұрақты тенденциясы байқалып отыр, бұл актілер диверсиялық лаңкестік соғыс мәніне ие болып жатыр. Ақпараттық-психологиялық әсер етудің заманауи тәсілдері қолданылып жатыр", - деді ҰҚК басшысы.