ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасының делегациясы мен қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунмен Астанада кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Қытай Халық Республикасы Астанаға Шанхай ынтымақтастығы ұйымы хатшыларының 12-кездесуіне келген болатын.

Тараптар терроризмге қарсы, трансұлттық қылмыстық қауымдастық және есірткі бизнесімен күрес, сондай-ақ кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
ШЫҰ қатысушы елдер арнаулы қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейтудің кейбір аспектілері қарастырылды. Сондай-ақ, ШЫҰ кеңістігінде терроризм, сепаратизм және экстремизмнің жолын кесу саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында бірлескен іс-шараларды нығайту келісілді.