25 тамыз 2015 18:07

Қазақстан Үкіметі 29 заң жобасын 1 қыркүйекте Парламенттің қарауына енгізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Үкіметі 1 қыркүйекте 29 заң жобасын Парламенттің қарауына енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы барысында айтты.

Жиында Бес институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды. Мемлекет басшысы жаңғыртудың әрбір бөлігі бойынша нақты қадамдар көзделгенін атап өтті.  

"Бүгінгі таңда комиссия үлкен жұмыс атқарды. Біз қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуге бағытталған актілердің жобасын тыңғылықты қарауды қажет ететін кезеңге келіп жеттік. Қазірдің өзінде 57 заң жобасы әзірленді, соның 29-ын Үкімет 1 қыркүйекте Парламенттің қарауына енгізеді", - деді Қазақстан Президенті.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети