25 қараша 2015 | 16:16

Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспарды таныстырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Үкіметі 8 желтоқсанда дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспарды таныстыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Үкіметі 8 желтоқсанда дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспарды таныстыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қабылданды. Сонымен қатар, "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қарастырылып жатыр.

"Осы сәтті пайдаланып, Президенттің тапсырмасымен халықтың әлсіз тобы мен зейнеткерлер алдындағы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеті бүгін сөз болып отырған бюджет жобасында толықтай қаралатынын айтып өткім келеді", - деді премьер-министр Кәрім Мәсімов тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Біздің жоспарымызға сәйкес, сіздер бюджетті қолдап, оған Мемлекет басшысы қол қойса, біз 8 желтоқсанда өтетін кеңейтілген отырыста екі бағдарлама қабылдауды жоспарлап отырмыз. Біріншісі - алдағы үш жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарлама. Яғни біз 2014, 2015, 2016 жылдарға арналған экономикалық мазмұндағы бағдарламаларды жинақтаймыз. Бұл дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспар болады", - деді Мәсімов.

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту бағдарламасы да әзірленеді. "Қазір тиісті министрлік оны әзірлеп жатыр. 2008-2009 жылдардағы тәжірибені қазіргі кезде пайдалануды жөн көрдік. Негізгі үш бағыт бар: бірінші - Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып жатқан жаңа экономикалық саясат. Екінші - реформаның жалғасы. (...) Үшіншісі - біздің жоспарлардың жүзеге асырылуы және барлығына - халыққа, шаруашылық жүргізуші субъектілерге оның түсінікті болуы", - деді үкімет басшысы.

Сонымен қатар, ол желтоқсан айында Қытайға баруды жоспарлап отырғанын айтты. "Президенттің тапсырмасымен Қытайға барамын, онда Елбасының "Нұрлы жол", "Бір жол - бір белдеу" бағдарламалары және өндіріс орындарын Қытайдан Қазақстанға көшіру мәселелері талқыланады", - деді Мәсімов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети