04 қаңтар 2023 14:40

Қазақстан үкіметі қанша жасқа жасарды?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан үкіметі мүшелері жасарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан үкіметі мүшелері жасарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетінің бес мүшесін ауыстырды. Тағайындалған жаңа министрлердің екеуі, яғни Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 32 жаста.

Жаңа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 35 жаста. Ол бұрынғы министрден 23 жас кіші.

Әділет министрі Азамат Есқараев өзінен бұрынғы министрден 13 жас кіші, 43 жаста.

Министрлер кабинеті мүшелерінің жалпы жасы 52 жасқа қысқарды.

Жаңа үкіметтің орташа жасы - 47,8 жас.

Министрлердің ішіндегі ең жасы - Зульфия Сүлейменова. Ол 1990 жылы 25 ақпанда дүниеге келген және Мәдениет министрлігінің жаңа басшысы Асхат Ораловтан 15 күн кіші. Бұған дейін ең жас министр 39 жастағы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров болатын.

Үкіметте ең жасы үлкені - Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ол 58 жаста.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети