Қазақстан үкіметі министрлерді журналистерден "жасырды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан үкіметі министрлерді журналистерден "жасырды" Сурет Tengrinews.kz

Үкімет журналистердің қатысуымен өтетін министрлер кабинетінің апта сайынғы отырысының форматын өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет журналистердің қатысуымен өтетін министрлер кабинетінің апта сайынғы отырысының форматын өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді отырысқа күн тәртібінде мәселесі қаралатын министрлер ғана қатысады. Бұған дейін журналистер үкімет отырысының аясында министрлерге қазақстандықтарды қызықтырған сұрақтарды қоя алатын еді. Бұл жаңалық журналистер арасында сұрақ туғызды. Енді БАҚ өкілдеріне мемлекеттік органдардың басшыларынан жедел жауап алу қиынырақ болады.

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі өкілдері жаңа формат "министрлер жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ, бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа сәйкес" енгізілгенін мәлімдеді.

"Отырысқа күн тәртібі бойынша баяндама жасайтын министрлер қатысады. Отырыстан кейін олар баспасөз конференциясына шығып, журналистердің сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар, отырыс әлеуметтік желіде және үкіметтің ресми сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында әрбір министр өз алаңында жеке кесте бойынша брифинг өткізіп, БАҚ сұрақтарына жауап береді", - деп түсіндірді үкіметтің баспасөз хатшысы Қанат Күлшманов.

Бүгін, 13 қыркүйекте үкімет отырысында ұлттық экономика министрлігі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің екі мәселесі талқыланды.

Үкіметке ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмірин мен ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин келді. Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасарлары Ғалымжан Қойшыбаев, Роман Скляр, Тамара Дүйсенова, Ерұлан Жамаубаев және Серік Жұманғарин қатысты. Барлық басқа министр үкіметтің отырысына онлайн-режимде қатысты, барлық кездесу пандемия кезіндегідей қашықтан өткізілді.

Үкіметтің баспасөз қызметі суреті

Айта кетейік, үкіметтің өткен екі отырысы (2 және 5 қыркүйекте) БАҚ-тың қатысуынсыз жабық режимде өтті. Біріншісі үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдемесінен кейін белгілі болды, ал екіншісі туралы кейін вице-премьер-министр қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети