Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті Фото premierministr.kz сайтынан

Үкіметтің бүгінгі шұғыл отырысында Премьер-министр Серік Ахметов отставкаға кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтің бүгінгі шұғыл отырысында Премьер-министр Серік Ахметов отставкаға кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін Мемлекет басшысы менің отставкаға кетуге берген өтінішімді қабылдады", - деді С.Ахметов. Заңнамаға сәйкес, Үкімет басшысы отставкаға кетсе, онымен бірге бүкіл Министрлер кабинеті де кетуі тиіс. Үкімет басшысы Президентке және өз командасына алғыс білдірді. "Бірге жұмыс істегендеріңізге алғыс айтып, барлығыңызға табыс тілеймін. Үкіметтің қазіргі құрамы қалып, Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызмет етеді деп сенемін", - деп атап көрсетті С.Ахметов. 

ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы бүгін Парламент Мәжілісі фракция жетекшілерінің қатысуымен жаңа премьер-министрдің кандидатурасы жөнінде кеңес өткізген.

Серік Ахметов 1958 жылдың 25 маусымында Қарағанды облысында дүниеге келген. 2001 жылы Теміртау қаласының әкімі, одан кейін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі, "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының басқарма төрағасы, ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылдың қарашасынан Қарағанды облысының әкімі, 2012 жылдың қаңтарынан бастап, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. Үкімет басшысы қызметін 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бері атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети