22 желтоқсан 2014 | 22:13

Қазақстан Украинаға 70 миллион теңгенің азық-түлігін жібереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тengrinews.kz мұрағатынан Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 жылғы 19 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің "Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек көрсету туралы" қаулысы қабылданды. "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау туралы шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық және материалдық ресурстар бөлді", - делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес, еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен жалпы сомасы 69 727 875 теңге болатын азық-түлік Украинаға жолданатын болады. 

2014 жылы 6 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинаның гуманитарлық қажеттіліктері үшін Қызыл кресттің Халықаралық комитетіне 30 мың АҚШ долларын Қазақстанның мүшелік жарнасы ретінде төлеу үрдісін аяқтады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети