Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің тағы бір партиясын жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің тағы бір партиясын жіберді Сурет: ТЖМ

Қазақстан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 наурызда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейс ұйымдастырды. Ол Алматыдан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді.

Жалпы салмағы 17,5 тонна жүкте төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттар бар екені хабарланды.

Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна 17 түрлі дәрі-дәрмек - антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Қайтар жолда жүкті жеткізген "Бүркіт" мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған қазақстандықты және олардың отбасы мүшелерін алып келеді деп жоспарланып отыр. 

Суреттер: ТЖМ баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети