29 қараша 2014 21:30

Қазақстан ұлттық география қоғамы 2014 жылдың есебін берді

@Tengrinews.kz иллюстрациясы

Астанада Қазақстан ұлттық география қоғамы 2014 жылдың есебін беріп екінші съезін өткізді. Бұл туралы Primeminister.kz ресми сайтында хабарланды.
Съезд барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының қол жеткізген табыстарын атап айтты.
"Өткен жылы біз бұл жолда жұмыс істеуді бірлесіп бастадық. Ал қазір мен Қазақстанның ұлттық география  қоғамы өз жұмысын табысты атқара алғанын сенімділікпен айтамын" деді ол.
Үкімет басшысы Қазақстан ұлттық география  қоғамының жетістіктерінің бірі ретінде қоғамның халықаралық географиялық одаққа мүше екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл қоғамның америкалық географтар қауымдастығымен, орыстардың географиялық қоғамымен және бүкіл әлемдік табиғат қорымен (WWF) тығыз байланыста екенін қоса айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram