Қазақстан Республикасы ұлттық гвардиясының басқолбасшысы болып Руслан Жақсылықов тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы ұлттық гвардиясының басқолбасшысы болып Руслан Жақсылықов тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының үкімімен Қазақстан Республикасы ұлттық гвардиясының басқолбасшысы болып Жақсылықов Руслан Фатихұлы тағайындалды, ол бұған дейінгі қызметінен босатылды", - делінген мәліметте.
Руслан Жақсылықов 1966 жылы наурыздың 4-інде Алматы облысы Қаскелен қаласында туған. Ұлты - қазақ. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер қолдасшысының бірінші орынбасары, Ішкі әскер бас штабының басшысы болса, 2008 жылы қыркүйектің 4-інен бастап ҚР ІІМ Ішкі әскер қолбасшысы болған.