02 қараша 2016 | 13:08

Қазақстан World Botanic EXPO-2016 көрмесінде 3-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Анталья қаласында аяқталған "Анталья ЭКСПО - 2016" халықаралық ботаникалық көрмесінде қазақстандық павильон қатысушы 54 мемлекеттің ішінен 3-орынды алды, - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Анталья қаласында аяқталған "Анталья ЭКСПО - 2016" халықаралық ботаникалық көрмесінде қазақстандық павильон қатысушы 54 мемлекеттің ішінен 3-орынды алды, - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Түркияда алты ай бойы өткен World Botanic EXPO-2016 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қазақстандық павильон бақша экстерьері мен интерьерін жасау номинациясында үшінші орын алды. Қазақстандық павильон ең ақпараттық павильондардың бірі болған, көрме барысында оны 75 елдің өкілі тамашалаған.

Қазақстандық павильонның экспонаттарын ҚР БҒМ Ғылым комитеті жанындағы Ботаника және фитоинтродукция институты әзірлеп, көпшілікке ұсынған.

Павильон қонақтары палеоботаникалық үлгілер жиынтықтары түрінде жасалған Қазақстанның флорасының тарихымен танысып, "Қызыл кітапқа" енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан сегіз ағаш тұқымдас өсімдік түрін көре алды.

Әлемдегі ең үлкен көрменің өсімдіктерден жасалған үздік павильонын таңдау кезіндегі басты критерийлер павильонның көрме тақырыбына сай болуы, нақтырақ айтқанда, тарихын, биологиялық әралуандылығын сақтау, тұрақты даму мен «жасыл қала» болды.

Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген "Анталья ЭКСПО-2016" ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Түркияның азық-түлік, ауыл және мал шаруашылығы министрі Фарук Челиктің айтуынша, 191 күннің ішінде көрмеге 4,5 миллионнан аса жергілікті және шетелдік қонақ келген. Кейбір күндері көрме қонақтарының саны 70 мыңнан асқан.

"Анталья ЭКСПО-2016" халықаралық ботаникалық көрмесі өз жұмысын 22 сәуірде бастаған болатын. Көрме философиясы - "Болашақ ұрпақтың жасыл әлемі", басты тақырыбы - "Гүлдер мен балалар".

Көрме аумағы 120 гектарды құрады, онда 54 мемлекеттің павильоны жұмыс істеді.

Айта кетейік, ҚР БҒМ ҒК ботаника және фитоинтродукция институты 1932 жылы құрылған. Институтта республикамыздың түрлі аймақтарында жиналған 500 аса қазынды өсімдіктер коллекциясы сақталған. Бұл Орталық Азиядағы юра, бор, палеогендік және неогендік кезеңдердегі қалдықтардың ең ірі коллекция. Институт құрамында Басты ботаникалық бақ, Жезқазған ботаникалық бағы және Іле ботаникалық бағы бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети