Қазақстан Ыстамбұлда болған террористік актіні қатаң айыптайды - ҚР СІМ

29 Маусым 2016, 10:04
0
Қазақстан Ыстамбұлда болған террористік актіні қатаң айыптайды - ҚР СІМ -

Қазақстан 2016 жылғы 28 маусымда Ыстамбұл қаласында болған террористік актіні қатаң айыптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркия үкіметіне және бауырлас халыққа, осы зұлымдық әрекет құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция (желі) құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үлестіруді барынша нығайтуға шақырады", - делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ыстамбұл әуежайында болған террористік актіге байланысты мәлімдемесінде.

Еске салайық, Ататүрік халықаралық әуежайындағы автотұрақта, шығаберісінде және кіреберісінде үш бірдей жарылыс болған еді. Оқиға Астана уақытымен сағат 01.00-де болды. Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден 36 адам қаза тапты. Шамамен 60 адам ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ыстамбұлдағы әуежайда шабуылды екі лаңкес жасаған, олар граната лақтырған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай