Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда жаңбыр мен найзағай күтіледі
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аймақтарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңғы уақыттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Ауа температурасы қандай болады?
Республика аумағының көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- елдің шығысында түнде 0-9 градус, күндіз 10-22 жылы,
- елдің оңтүстігінде түнде 10-16 градус, күндіз 17-28 жылы,
елдің орталығында түнде 1-9 градус, күндіз 12-20 жылы. - Солтүстік пен солтүстік-батыста күндізгі температура 12-19 градусқа дейін жоғарылайды.
Ал батыста және оңтүстік-шығыста ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!