30 қараша 2014 13:10

Қазақстанда 1 желтоқсанға қарай аяздың беті қайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Бірінші желтоқсанға қарай күн жылына бастайды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасап. Онда 30 қараша мен 1 желтоқсан күндерінің ауа райы айтылған.


Бірінші желтоқсанға қарай күн жылына бастайды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасап. Онда 30 қараша мен 1 желтоқсан күндерінің ауа райы айтылған.

Қазгидромет мамандарының айтуларына қарағанда, орташа тропосферада (5 км шамасындағы биіктікте) орныққан солтүстік және солтүстік-батыс ағыны Қазақстанның барлық аумағында климаттық нормадан 3-10 градус температурамен нағыз қысқы ауа райын ұстап тұратын болады.

Республиканың солтүстік аймақтарында алдағы үш тәулікте күн бұлыңғырланып, қар жауады. Секундына 15-22 метр жылдамдықта жел тұрып, түнде ауа райы 22-35 градусқа дейін суиды. Тек дүйсенбіге қарай, яғни 1 желтоқсанда аяздың беті қайтады.

Ал "оңтүстік аймақтарда бұл күндері түнде сынап бағанасы 12-18 градус суықтықты көрсетеді" делінген ауа райы мәліметінде. Кей жерлерде күн 28 градусқа дейін сууы мүмкін. Жексенбі мен дүйсенбі күндері қар жауады. Түнде 5-15 градус суық, ал күндіз 3 градус жылы, 5 градус суық болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети