2022 жылғы қазанда қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді - Tengrinews.kz материалында.
2022 жылғы қазанда қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді - Tengrinews.kz материалында.
Демалыс күндері
Қазақстанда Тәуелсіздік күні енді тек бір күн - 16 желтоқсанда атап өтіледі. Жарияланған құжатқа сәйкес, енді Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда (бұрынғы редакциясында - 16-17 желтоқсан) бір күн ғана атап өтіледі.
Қазанда Республика күніне байланысты демалыс күндерін кейінге қалдыру жоспарланып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкімет қаулысына тиісті түзетулер әзірледі.
22 қазан, сенбі жұмыс күні болады, ал Республика күні қазақстандықтар 3 күн демалады: 23, 24 және 25 қазан.
Ауа райы
Қазанда жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жақын, республиканың солтүстік-шығысында және оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы таулы аймақтарда нормадан көп болады деп болжанады.
Мұнай өңдеу зауытын жөндеу
Қыркүйек-қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатыр. Энергетика министрлігі зауыттың жұмысын жалғастыратынын, нысандардың толық тоқтап қалмайтынын айтты.
Зейнеткерлерге арналған төлемдер
Қарттар күніне орай елордада 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
1 қазан - Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнеткерлік жастағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы - 730 миллион теңге.
Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға жүргізіледі.
Айта кетейік, төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Түркия президенті Қазақстанға келеді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді.
Мәжіліс сайты мәліметінше, Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысқан. Шара аясында Қошанов Түркия басшысымен кездесті.
"Елдеріміз арасындағы ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді. Бұл көбіне сіз бен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арасындағы достық қарым-қатынас пен жемісті диалогтың нәтижесі. Сіздің Қазақстанға биыл қазанда жоспарланған сапарыңызды асыға күтеміз. Мен бұл сапар бауырлас елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, оларды одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімдімін", - деді Ерлан Қошанов Ердоғанға сөйлеген сөзінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!