Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясына тарифтер өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа шекті тарифтер энергетика министрінің міндетін атқарушы 29 шілдеде қол қойған "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес бекітілген.
Құжатқа сәйкес, келесі компаниялар үшін тарифтер өседі:
- Т.И. Батыров атындағы Жамбыл МАЭС - 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге дейін,
- Ақтөбе ЖЭО - 17,54 теңгеден 18,19 теңгеге дейін,
- "Жайықжылуэнерго" АҚ-13,25 теңгеден 13,95 теңгеге дейін,
- МАЭК-Қазатомөнеркәсіп - 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін,
- "Кристалл Менеджмент" АҚ - 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге дейін,
- "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС - 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін,
- З-Энергоорталық - 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге дейін,
- Қызылорда жылу электр орталығы - 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге дейін,
- "Батые Пауэр" ЖШС - 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін,
- Karabatan Utility Solutions ЖШС - 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін,
- OzenMunaiProm ЖШС - 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін,
- "Қазхром" ТҰК" АҚ - 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге дейін,
- "ССКӨБ" АҚ - 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін,
- Энергия өндіруші ұйымдардың 63-ші тобы үшін киловатт-сағатына 44,02 теңге мөлшерінде тариф белгіленді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!