19 тамыз 2024 | 09:13

Қазақстанда 10 жылда 230 тоннадан астам есірткі жойылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қазақстанда 10 жылда 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 10 жылда 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қолайлы климаттық жағдайларға байланысты елдің оңтүстік өңірлері жабайы қарасора өсетін табиғи ошақтар. 2014 жылдан бастап Қызылорда облысында құрамында "тетрагидроканнабинол" деп аталатын есірткі бар үнді және голландиялық қарасора белсенді түрде өсіріледі.

Соңғы 10 жыл ішінде "Қарасора" операциясы кезінде ІІМ тікұшақ техникасын қолдана отырып, әуе арқылы іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Есірткі тәркілеудің талдауына сүйенсек, 10 жыл ішінде 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылды.

Жоғары көрсеткіш 2015-2017 жылдары болған, ол кезде 30 тоннаға дейін есірткі тәркіленген. 2019 жылдан бастап төмендеу байқалады. Операция барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу аймақтары анықталды.

"Қаскүнемдер ыстық және құрғақ климаты бар жаңа егіс алқаптарын іздей бастады. Олардың пікірінше, мұндай жерлер полицияның назарынан тыс қалады және әуе барлауымен қамтылмайды. Бұл Түркістан, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының аумағы, сондай-ақ елдің батыс өңірі", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Айта кету керек, операция басталғалы бері каннабис тобының 16 тонна есірткісі жойылды, оның ішінде 12 тонна қарасора, 4,2 тонна марихуана, 450 кг гашиш бар. Төрт мың шаршы метрге жуық есірткі егістігі жойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети