Қазақстанда 10 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда 10 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.
2022-2023 жылдар аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ, жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың қажеттіліктері үшін беріліп жатқан айтылды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда AMANAT партиясы жанындағы "Жер аманаты" комиссиясы қайтарылатын жерлерді қайта бөлуді бақылаумен айналысқан. Жерді халық арасында одан әрі әділ бөлу мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында болатыны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!