Қазақстанда 1,1 миллионнан аса адам банкроттық туралы заңға жүгіне алады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1,1 миллионнан аса адам банкроттық туралы заңға жүгіне алады Фото:elements.envato.com

Қазақстанда 1,1 миллионнан аса адам банкроттық туралы заң көмегімен қарызынан құтыла алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1,1 миллионнан аса адам банкроттық туралы заң көмегімен қарызынан құтыла алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде заң бойынша (банкроттық туралы. - еск.) көмек сұрай алатын қазақстандықтардың саны 1 миллион 170 мың адам болуы мүмкін, оның ішінде 31 мың адам сот тәртібі бойынша өзін банкрот деп тани алады", - деп түсіндірд Біржанов Сенат кулуарында.

Біржановтың айтуынша, бұл негізінен 5 миллион теңгеге дейін немесе 1600 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін қарызы бар адамдар.

"Егер осыған қатыса алатын атаулы әлеуметтік көмек алушылар туралы айтатын болсақ, бүгінде олар 37 мыңға жетеді. Осы 37 мың ішінде 420 атаулы әлеуметтік көмек алушы (АӘК) сот банкроттығы рәсімінен өтуі мүмкін. Бірақ бұл проблемалық қарызы бар адамдардың ең көп саны екенін тағы да айтамын. Сонымен қатар, бізде ипотекалық несиелер бойынша проблемалары бар адамдар бар, бүгінде олар - 5,5 мың, оның ішінде мың адам халықтың әлеуметтік осал топтарынан", - деп түсіндірді қаржы вице-министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети