16 сәуір 2021 12:28

Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады. "Қазгидромет" синоптиктері 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады. "Қазгидромет" синоптиктері 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағындары өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады.

"19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарды Скандинавия түбегінен келетін суық антициклон басып, қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 5-12 градусқа дейін төмендейді, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік жартысында күн күркірейді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Кең антициклонның Қазақстанға әсері аяқталып, Батыс Сібірге ауысатыны хабарланған еді. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне қатысты ауа райы тұрақсыз болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети