Қазақстанда 12 градусқа дейін күн жылынады

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 14, 15 және 16 қаңтарда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда 14, 15 және 16 қаңтарда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді. Қар жауып, боран соғады, ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Ел бойынша ауа температурасы құбылмалы болады: батыста түнде 0-8 градус аяз, солтүстік пен шығыста 10-25 градус аяз, күндіз 5 градус аяз-5 градус жылыдан 2-10 градус аязға дейін. Оңтүстікте түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-12 градус жылы болады", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Елімізде жел күшейіп, тұман болады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама