22 қаңтар 2015 | 13:33

Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кейінге қалды - Сәрінжіпов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Сәрінжіпов. ©Тұрар Қазанғапов Аслан Сәрінжіпов. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесіне әзірше көшпейтін болды. Бұл туралы журналистерге Парламент Сенатының отырысынан кейін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесіне әзірше көшпейтін болды. Бұл туралы журналистерге Парламент Сенатының отырысынан кейін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз де білесіздер, елімізде эксперимент жүргізілді: бірнеше мектеп 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын сынап көрді, эксперимент мамыр айында аяқталады. Содан кейін біз тәжірибе нәтижелерін қарап шығып, ұсыныс білдіреміз, білім берудің мемлекеттік бағдарламасына өзгеріс енгізу қажет, қазіргі жағдайды ескере отырып 12 жылдық білім беру жүйесін кейінге қалдырамыз", - деп жауап берді Сәрінжіпов Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына.

Ал оны кейінге қалдырудың себептері туралы қойылған сұраққа ол бірнеше факторды атады, оның ішінде қаржылық мүмкіндік те бар.

"Бұл кезеңді біз қарап шығамыз. Әзірше мұндай шешім қабылдауға министрліктің мүмкіншіліктері, эксеримент жүргізуде қандай мақсаттар қойылды, сол жағдайлар ескеріліп қабылданды. (...) Ары қарай көре жатармыз. Бұл жерде әсер еткен фактор көп, оның арасында қаржылық мүмкіндіктер де бар. Қазір үкімет Мемлекет басшысының экономикаға қатысты тапсырған әртүрлі сценарий дайындау бойынша жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты кейінге шегеруге шешім қабылдадық", - деді Сәрінжіпов.

Сонымен қатар ол экперименттік оқыту барысында алынған нәтижелердің 11 жылдық мектептерге қолданылатыны туралы да айтты.

"Бізде 400 адам эксперименттік бағдарлама бойынша білім алып жатыр (12 жылдық білім беру - Авт.), біз олардың жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсыратын ұлттық біріңғай тестілеудің бөлек ережесін шығардық. Эксперимент барысында жасалған жұмыстардың барлығы 11 жылдық білім беретін мектептерге қолданылатын болады. Қолданылған тәсілдер - біліктілік тәсілдері, көптілділік - осының барлығы 11 жылдық мектептерде қолданылатын болады, сонымен қатар мектептердің бұрынғы құрылымы сақталады, яғни бастауыш сыныптар - 4 жыл, негізгі - 5 жыл және жоғары сынып 2 жыл", - деді Білім және ғылым министрі.

Сонымен қатар, ол Білім және ғылым министрлігінің барлық балаларды алты жастан мектепке беруге міндеттеу туралы ұсынысына қатысты түсінік берді. "Қазақстанның "Білім беру туралы" заңында ата-ана баласын өз қалауы бойынша 6 немесе 7 жаста мектепке бере алады делінген. Бұрын бұған қатысты әртүрлі ұсыныс айтылды. Бірақ біз бүгінгі таңда бар тәртіпті өзгеріссіз қалдыруды ұсынып отырмыз" , - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесі біртіндеп 2015 жылдан бастап 12 жылдыққа өтеді деп жоспарланған болатын. Кейіннен депутаттар мұны сынға алып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді кейінге қалдыру туралы ұсыныстарын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети