Қазақстанда 12 өңірде коммуналдық тарифтер төмендегені айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 12 өңірде коммуналдық тарифтер төмендегені айтылды

12 өңірде жалпы сомасы 9,66 миллиард теңгеге тарифтер төмендетілді. Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 өңірде жалпы сомасы 9,66 миллиард теңгеге тарифтер төмендетілді. Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, биыл тамызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 9,05 миллиард теңгеге еліміздің бірқатар өңірінде коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеген.

"Бүгінде ТМС-ның 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау - 162 миллион теңге, жылумен жабдықтау -  379 миллион теңге, су бұру - 22 миллион теңге, электр энергиясын беру - 37 миллион теңге, тауарлық газды тасымалдау - 9 миллион теңге жалпы сомасы 609 миллион теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді", - делінген хабарламада.  

Нәтижесінде, қазіргі уақытта бекітілген УӨТ жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) 9,66 миллиард теңге болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети