06 сәуір 2020 15:52

Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырған

Сурет: elements.envato.com

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері арасында барлығы 120 науқас тіркелген. Олардың арасында 67 дәрігер коронавирус инфекциясына күдікті немесе ауырған адамдарға медициналық көмек көрсеткен. Бір науқастың жағдайы ауыр, тоғыз адамдікі орташа, қалған 57 адамда індет жеңіл және симптомсыз өтіп жатыр", - деді ол.

Реклама
Реклама

Жалпы Қазақстанда коронавирус табылған 16 науқастың жағдайы ауыр.

3 сәуірде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел бойынша медицина қызметкерлері арасында вирус жұқтырған 28 адам туралы хабарлаған болатын.

Еске салайық, бұған дейін коронавирус жұқтырған 20 адам тіркелген болатын, олардың ішінде Жамбыл облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Маңғыстау облысында - 2, Қарағанды облысында - 16 адам. Барлығы елде 604 жағдай расталды.

Коронавирустан 45 науқас сауығып шықты, оның 24-і Нұр-Сұлтанда және 21-і Алматыда. Елімізде 6 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram