14 қараша 2014 | 19:49

Қазақстанда 120 мың үй цифрлық телеарнаны көреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©shutterstock.com ©shutterstock.com

Цифрлық телеарна бүгінге дейін 120 мың үйді қамтыған, мұндай мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне VII Медиақұрылтай-2014 үзілісі кезінде "Қазтелерадио" АҚ коммерциялық директоры Ерлан Жазықбаев айтты. Ол, сонымен қатар, цифрлы телеарнаны көру үшін сатып алынатын приставкалардың қымбатқа түсетіні жайлы пікір білдірді. Бұған дейін "Қазтелерадио" Ұлттық ассоциация телерадиотаратушылары приставкалар сату бойынша нарықты монополиялады деп айыпталған болатын. Приставкалардың бір данасының құны шамамен - 14 мың теңге.

Иконка комментария блок соц сети

"Цифрлық приставкалардың құнына девальвацияның әсері болғанын жасырмаймыз. Оның барлығы Қытайдан әкелінеді және доллар курсына тәуелді. Приставканың өзіндік құны соншалықты қымбат болмаса да, кедендік алымдары мен қосылған құн салығы оны көбейте түседі (...) Приставканың құны шамамен - 8500 теңге, ал қалғандары - нарықтық қатынастар. Сауда желілері де, тапсырыс беретін де пайда көргісі келеді. Сауданың үстеме бағасы болатынын түсінуіміз керек. Сатып алушы өзі қойғысы келген бағасын қояды, ал оны біз оператор, мемлекет ретінде реттей алмаймыз", - деді ол. Жазықбаевтың мәліметінше, приставканың дүкендердегі бағасы 12 мың теңгеден аспайды. 

Цифрлық телеарна 2013 жылы барлық облыс орталықтарында жұмыс істей бастаған еді. Жазықбаев бұл жерлерде кабельді телеарналардың дендеп енуі 80 пайызға жеткен. "Көп жағдайда сұраныс - басым фактор болады. Егер менде кабельдік телеарналар қосылып тұрса, онда цифрлық приставкаға деген сұраныс өздігінен туады. Бұл - кабельдік оператордың қызметін пайдаланбайтын жеке үйлерге арналған нарық. Бұл Қазақстандағы негізгі қаралым болмайды", - деді спикер. 

Бұған дейін телерадиотаратушылар цифрлық телеарнаға өту бойынша жобаны іске асыруға күмәнмен қараған еді. Нарықтың қатысушылары бәрінен бұрын приставкалардың қымбат екеніне байланысты қауіптенген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети