Қазақстанда -13 градусқа дейін аяз түседі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда -13 градусқа дейін аяз түседі Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антициклон: қай өңірлерде ашық ауа райы сақталады?

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болжанған.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.

Ауа температурасы қандай болады?

  • Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы біртіндеп -3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +5…+15 градусқа дейін көтеріледі.
  • Шығыста түнде -3…-13 градус аяз, күндіз +3…+11 градустан -5…+5 градусқа дейін ауытқулар күтіледі.
  • Республиканың оңтүстік-шығысында түнгі уақытта 1 –3 градус үсік сақталады.

Қалған аймақтарда температурада аздаған ауытқулар болса да, елеулі өзгерістер күтілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети