Қазақстанда 130 көлеңкелі криптоайырбастау алаңы жойылып, 16,7 миллион USDT-ке тыйым салынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 130 көлеңкелі криптоайырбастау алаңы жойылып, 16,7 миллион USDT-ке тыйым салынды Фото:depositphotos.com/ vladeephoto.gmail.com

Қазақстанда интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, тергеп-тексеру нәтижесінде 16,7 миллион USDT-ке тыйым салынды.

Бұл қалай жұмыс істейді?

"Есірткі дүкендерінің" иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады. Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты "тазарту" үшін арнайы ақы алынады. Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады.

"Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы "кәсіби жылыстатушылар" ретінде әрекет етеді", - делінген хабарламада.

ҚМА ұсынады

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға цифрлық активтерді айырбастау кезінде сенімді және жауапты тәсілмен әрекет ету қажеттігін ескертеді. Айырбас қызметтерін тек заң аясында жұмыс істейтін, ресми тіркелген және лицензияланған провайдерлер арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

Лицензиясы бар криптобиржалардың тізімімен мына сайтта танысуға болад.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети