Қазақстанда 15 сәуірден бастап астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

15 сәуірден бастап Қазақстан астық пен ұнның экспортына шектеу қояды. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елдегі бар астық пен ұнның көлемі ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

15 сәуірден бастап Қазақстан астық пен ұнның экспортына шектеу қояды. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елдегі бар астық пен ұнның көлемі ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапаров ішкі нарықтағы тапшылықты жою және ұн тартатын кәсіпорындарды жүктеу үшін шектеу шаралары қажет екенін айтты.

"2022 жылғы 1 сәуірде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортына квоталарды енгізу туралы шешім қабылдады. Бидайға арналған квотаның көлемі 1 миллион, ұнға 300 мың тонна", - деді Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бірінші вице-министр ішкі нарықтағы нақты жағдайды бағалау үшін министрлік Ұлттық статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердегі бидай қорын түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

"7 сәуірдегі жағдай бойынша қорлар 118 мың тонна ұнды құрайды, оның ішінде тұрақтандыру қорларында 10 мың тонна, "айналым схемасы" шеңберінде 22 мың тонна, өндірушілерде 48 мың тонна, қоймаларда шамамен 20 мың тонна және сауда объектілерінде 18 мың тонна. Көрсетілген көлем ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сонымен қатар, "Азық-түлік корпорациясының" ресурстарында 800 мың тоннадан астам астық бар, олар қажет болған жағдайда жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберілетін болады", - деп толықтырды Айдарбек Сапаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro