Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутник, цифрлық және аналогты эфир желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

"Тоқсандық жоспарлы-профилактика жұмыстары сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сапалы теле-радио хабарын тарату үшін қажет", - деді "Қазтелерадио" баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети