Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған Фото: elements.envato.com

Елімізде пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкерінен айырылдық. Өңірдегі комиссиялар бүгінде қайтыс болған дәрігерлердің туыстарынан 58 өтініш бойынша өтемақы беруді мақұлдады. Қазіргі таңда 36 отбасы өтемақы алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр", - деді министр орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстарына 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети